KAZGASA аумағында Хэллоуин мерекесі атап өтілмейтінін хабарлаймыз.
Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, білім беру процесінің қалыпты өтуін қамтамасыз ету және қауіпсіздік талаптарын орындау мақсатында төмендегі әрекеттерге жол берілмейді:
* Университет ғимараттарына Хэллоуин тақырыбындағы карнавалдық және маскарадтық костюмдермен келу;
* Бетті тануға кедергі келтіретін бетперделерді, қорқынышты гримді және тақырыптық аксессуарларды пайдалану;
* Қару-жарақтың муляждарын, қауіпті заттарды және тыйым салынған атрибуттарды алып кіру;
* Университет әкімшілігінің келісімінсіз Хэллоуинге арналған кештер, флешмобтар және өзге де тақырыптық іс-шаралар ұйымдастыру;
* Оқу процесіне кедергі келтіретін немесе қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер жасау.
Негіздеме:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабы — білім алушылардың ішкі тәртіп ережелерін және белгіленген талаптарды сақтау міндеттері.
2. «Халықаралық білім беру корпорациясы» ЖШС білім алушыларының ішкі тәртіп ережелері.
3. Университет аумағындағы өткізу режимі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары.
Барлық студенттерді университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға және белгіленген талаптарға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.